ҚМДБ-ның тапсырмаларын жергілікті аудандарда талқылау, діни басқармадан бекіткен төрт құжатын алыс аудандардағы жамағатқа насихаттау, аудан, ауыл мешіттерінің хал жағдайымен танысу мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Өскемен аймағына қарасты Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Зырянь аудандарын аралады.
Өкіл имамды Қатонқарағай ауданында аудан имамы Ш.Хидиров қарсы алып, мешіттің хал жағдайымен таныстырды. Сонымен қатар ол аудан көлемінде атқарылып жатқан шаралар туралы әрі діни басқарманың берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Аудандағы діни ахуалға қанық болған Ермек қажы Тасболатұлы ауыл имамдарымен, ақсақалдармен кездесіп, алдағы міндеттер, атқарылып жатқан шаралар туралы айтып, пікір алмасты. Ауданның Бас имамына нақты шараларды іске асыру бағытында тапсырмалар берді.
Бұдан соң өкіл имам Зырян ауданына келді. Өскемен аймағы бойынша өкіл имамды Зырян аудандық мешітінде ауданның Бас имамы және мешіт жамағаттары, ақсақалдар күтіп алды. Мешітте өткен кездесуде атқырылып жатқан шаралар төңірегінде әңігме өрбіді. Аудан имамына нақты міндеттер жүктеді.
Өкіл имам Зырянь ауданы әкімінің орынбасарымен кездесіп, өңірдегі діни ахуал, аудандық мешіттен атқарылып жатқан шаралар жайлы пікір алмасты. Аудан басшылығы мешіт тарапынан атқарылып жатқан игі істерге көңілі толатындығын жеткізді.
Өкіл имам аудан мешітінде жамағатқа уағыз айтып, елімізге берекет, тыныштық тіледі.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.02.2016
3266
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру