Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Орбита» мешітіндегі «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты акция (ФОТО)

19.02.2016 3460 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық жасау туралы тапсырмасына орай, Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің Бас имамы Әсет Аташев бастаған мешіт ұжымы «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында мүгедектер мен қарттар, мұқтаж жандар үшін мешіт залында арнайы дастарқан жайылып, қайырымдылық көмек көрсетілді. Оларға арнайы ғибратты бейне роликтер көрсетіліп, Бас имам Әсет Аташев уағыз айтып, дұға жасады. Оларға азық-түлік үлестірілді.

Сонымен қатар, үйде арбаға таңылған жандар да «Орбита» мешітінің назарынан тыс қалмады. Мешіт қызметкерлері олардың да үйлеріне барып, қайырымдылық жасап, азық-түлік таратты. Бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстар әрі қарай жалғаса бермек.

«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру