ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Ұлан ауданы Таврия ауылында орналасақан «Хоспис» қарттар үйінде болды.
Ол мұнда жатқан қариялар жүздесіп, хал жағдайларын сұрады. Қарттарға облыстық өкілдік тарапынан азық-түлік, төсек жабдықтарын сыйлады. Мұндағы қарттар да мемлекеттің қамқорлығының арқасында осында күнелтіп жатқандарын айтып, облыстық мешіт тарапынан үнемі көмек жәрдем жасалып тұратындығын жеткізіп, осындай игі істер ұйымдастырып отырған өкілдікке шынайы алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар өкіл имам Қарттар үйінің мекемесінің жайымен таныса келе алдағы уақытта облыстық мешіттен қайырымдылық шаралары жоспары ауқымында осы мекеменің жөндеу жұмыстарын жасап беретіндігін айтты.
Бұл игі бастаманы мекеме басшылығда жылы қабылдап, осы мекемені ұдайы назарда ұстап, әр кез көмек жәрдем беріп келе жатқан мешіт ұжымына ризашылық білдірді.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.02.2016
3454
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру