ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қаламыздағы бірқатар көмекті қажет ететін нысандарға, тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық шараларын ұйымдастыру қолға алынғандығын осыған дейін де жазған болатынбыз.
Осындай кезекті қайырымдылық шарасының бірі – қаламыздағы Соқырлар қоғамы ұйымында өтті. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы бастаған имамдардан құралған топ аталмыш мекеменің мүшелеріне, зағип жандарға қайырымдылық жасап, азық-түліктер, тұрмыстық қажеттіліктер жеткізіп берді.
Мешіт қызметкерлері бұл мекемені әрбір қайырымдылық шараларынан тыс қалдырмай келетіндігін тілге тиек еткен ұжым алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Көмек көрсетуге қаламыздағы «Қалмұхаммед ишан», «Төлен ата» және «Ыбрайым молда» мешіттері де атсалысты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.02.2016
2816
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру