«Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен тағдырдың жазуымен тауқыметке тап болған қоғамымыздағы мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған ақ дастархан жайылды. Мешітке қонақ болған ақжүректілерге сыйлықтар жасалып, «Дін мен дәстүр» және «Намаз оқып үйренейік» кітабы сыйға тартылды.
Жиында сөз басын ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев бастап, ақсақал қариялар ақ батасын берді. Берекесі мол дастарханнан дәм татылып, «Шынайы бақыт», «Алла разылығы мен Раббымызға деген махаббат» сынды сүбелі сөзбен уағыз айтылды.
«Туғанымнан екі қолым болмаса да, мен өзімді мүгедекпін деп сезінген емеспін. Ата-анамның қамқорлығында болып, мектеп, университет бітірдім. Алла қаласа жаннатта ең әдемі аяқ сізде, ең әдемі қол менде болады. Қазір құшақтай алмасам да, бұйыртса жаннатта мұсылман бауырларымды құшағыма ала аламын», – дейді Анар.
Ел ағасы жасындағы мүмкіндігі шектеулі ағалар да Құран оқып, дұға-тілктерін бағыштады.
Қандай болсын жағдайға тап болса да жүздерінен жадыраған нұр үзілмейтін мерейлі жандар мешітке шынайы алғысын айтып тарқасты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.02.2016
3555
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру