Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана қаласының дін қызметкерлеріне арналған аттестация басталды (ФОТО)

17.02.2016 4307 0 пікір

Бүгін Астана қаласындағы дін қызметкерлерінің білімін сараптауға арналған аттестация басталды. Елордамыздағы сегіз мешітте қызмет ететін имамдар мен  ұстаздар қауымы бүгін сараптау комиссиясының сынынан өтіп, өз білімдері мен біліктіліктерін көрсететін болады. Сынақ барысында дін қызметкерлеріне қырағат, тәжуид,ақида, фиқһ, Ислам тарихы салалары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылды.

Дін қызметкерлерінің білімін сараптап, біліктілігін бағалау үшін ҚМДБ қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері қосымша тапсырмалар беріп, мешіт ережесі мен басқа да әкімшілік сауалдар да қойылып отырды.

Айта кетейік, Елорда имамдары мен ұстаздарына арналған сараптау аттестациясына 50-ге жуық дін қызметкері қатысады.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру