Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам митрополитті қабылдады (ФОТО)

16.02.2016 3438 0 пікір

ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек облыстық орталық мешітінде Шымкентке іс-сапарымен келген Астана және Қазақстан митрополиті Александрді және бір топ орыс православ шіркеуінің өкілдерін қабылдады.

Кездесуде облыстың Бас имамы келген қонақпен әңгіме-сұхбат жүргізіп, облыс аумағындағы дінаралық жұмыстар жөнінде өзара пікір алмасып, облыстағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтау мәселелері, діни бірлестіктермен татулық пен келісімді нығайтудағы рөлін кеңінен талқылады.

Кездесу соңында Бас имам А.Керімбек ұлттық дәстүрге сай, келген қонақтардың иықтарына шапан жауып, сыйлықтар табыстады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру