ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жылдық жоспарына сәйкес іс-шаралар бастау алып, жалғасын табуда.
Берілген тапсырмаларға сәйкес қала мешіттерінің бас имамдары 14 ақпан – Әулие Валентин күнін атап өтудің дұрыс еместігін жастарға насихаттау бағытында бірнеше шаралар өткізді.
Шараның мақсаты – қазақ жастарын дәстүрімізден аспай, инабаттылыққа бет бұрып, жат әдеттерден сақ болуды насихаттау болды.
Атап айтар болсақ, қаламыздағы «Құддыс ишан», «Ыбрайым молда», «Нұр», «Хазірет әлі» мешіттерінің бас имамдары жастар үйінде, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жатақханаларында кездесулер өткізді.
Аталған ақпараттық-насихаттық шара барысында жастар жат ұғым мен жат әдеттердің зияны, Ислам дінінің қадір-қасиеті турасында мол мағлұматтар алып, жастардың сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.02.2016
3427
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру