Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имамның кезекті уағызы

15.02.2016 3585 0 пікір

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков қала, аудан және ауыл мешіттерін үнемі аралап, мешіт жамағаттарына түрлі тақырыпта уағыз айтуды жүйелі жасап келеді. Осындай кезекті уағызын Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылындағы «Рахат ислам мешітінде» 13-ақпан күні шам намазы мен құптан намазы аралығында айтты.

Өкіл имамның уағыз айту үшін келетінін естіген Рахат ауылы мен Теңге ауылының жамағаттары мешітке уағыз тыңдауға келді. Өкіл имам бауырмашылдық тақырыбында уағыз айтып, уағыз барысында ғибратты оқиғалардан мысал келтіріп өтті.

Өкіл имам құптан намазын жамағатпен бірге оқып, Ақтау қаласына оралды.

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру