Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жасау сауапты іс

15.02.2016 3928 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіті демеушілердің көмегімен үнемі қайырымдылық шарасын жалғастырып келеді. Осындай үрдіске айналған сауапты істің жалғасы ретінде 35 мұқтаж, мүгедек жанға қайырымдылық шарасы жасалды.

Облыстық мешітте көмекке зәру жандардың тізімі жасақталған болатын. Сол тізімде тұрған 35 отбасы шақырылды. Көмек ретінде ет, азық-түлік берілді. Өкіл имам Смайыл Сейтбеков келген жандарға алдағы уақытта да мұндай қайырымдылық шаралары жалғаса беретінін айтып, бір Алладан үміт үзбеуге шақырды.

Маңғыстау облыстық орталық  мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру