Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ізгілікке үндеген кездесулер

15.02.2016 3112 0 пікір

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Икрам және жастар ісі бойынша жауапты Ғұмар Жұмағұлов ақпараттық насихат жұмыстарын Қостанай қалалық әкімдік қызметкерлерімен кездесуден бастап, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде және Қостанай экономикалық колледжінде де жалғастырды.

Мұндай кездесулердің мақсаты жастарды ізгілікке, ел тыныштығын сақтауға, адамгершілікке, мейірімділікке баулуға бағытталған.

Мұндай жүздесулер өз нәтижесін де беруде. Өйткені, Қостанай жастарының Ислам дініне деген құрметі ерекше арта түсуде.

Осы басқосуларда қазірігі таңда әлемде орын алған жат ағымдардың алдын-алу, әсіресе, одан жастарды барынша сақтандыру жөнінде сөз болды және ҚМДБ бекіткен Тұғырнама жайлы кеңінен айтылды.

Жиналғандар басқосудан соң өздерінің әзірлеген сұрақтарын қойып, дүниетанымдарын одан әрі кеңейте түсті.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру