Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Иманды келін - ұлт болашағы

15.02.2016 3822 0 пікір

Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруыменен «Иманды келін - ұлт болашағы» атты келіндер сайысы өтті.

Сайыс қалалық мешіттің бас имамы Сайфуллин Думан Нәдірұлының салихалы да ибалы келін болудың маңызы жайында айтқан уағызымен басталды. Келіндер бұл жарыста кимешек кию, Құран оқу, қолөнерлерін көрсету, тұсау кесу, нан жаю, баланы бесікке бөлеу, жүн түту, ұлттық тағамдар пісіру, етті мүшелеп атау сыңды кезеңдерде өз өнерлерін ортаға салды.

Төрелік еткен ақ жаулықты әжелеріміз әр кезеңде қатысушы келіндерге әділ бағаларын берді. Жарыс соңында бас имам осындай қоғамдық маңызы бар шараға ат салысқан барлық жамағатқа алғыс айта келіп, жүлделі орын алған келіндерге марапаттау қағазымен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бұндай игі шараға куәгер болған көрермендер алдағы уақытта да осындай қоғамдық маңызы бар істердің көптеп болуын тілеп, өз алғыстарын білдірді. 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру