Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәрбие негізі – имандылықта

12.02.2016 3535 0 пікір

Сарыкөл ауданының бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық Қара-Оба ауылына арнайы барып, мектеп мұғалімдері және оқушылармен жүздесіп, дәріс өткізді.

Дәулетбай қажы Махмұтұлы «Тәрбие негізі – имандылықта» екенін айта келіп, адамгершілік, ізеттілік, қайырымдылық жайында да уағыз-насихат жүргізілді.

Әр сөзін адам санасына сәуле шашар шапағаты ұшан-теңіз – Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) хадистерімен нақтылады. Сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы ата-анасын сыйламай жүрген, шаранасын шырылдатып түзге тастап жатқан жандарды сынға алды. 

Осынау ой салар кездесу кезінде: «Адам баласы Алла алдында не үшін ардақты?», «Адам немен құнды?», «Ислам дегеніміз не?», «Имандылыққа нелер жатады?», «Ата-бабамыз бізді кеше қалай тәрбиеледі?» - деген сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Жүздесу соңында Б.Өтетілеуов атындағы орта мектептің директоры Болат Қаденов сөз алып, оқушыларға ой салар тағылымды дәріс өткізгені үшін Бас имамға шынайы алғысын білдірді.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру