Бүгін Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев пен аудандық мешіттің Бас имамы Халықбек Сыдықов «Орал» медресесіне арнайы келді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Сұлтанов келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, білім ордасымен тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Кездесуде облыс имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, медреседе білікті, білімді ұстаздар дәріс оқиды. Әл-Азһар университетінің түлектері Мұратбек Қыстаубаев, Әсет Романқұлов. Көршілес облыстардан шәкірттер білім алуда, жататын орны мен ас-суы тегін, оқуға ынта қойған шәкірттер үшін барлық жағдай жасалған. Оқу ордасында Мысыр елінен ұстазымыз келіп, араб тілін үйретуде, түлеп ұшқан шәкірттер қазіргі уақытта аудан, ауылдық мешіттерде бас имам қызметін абыройы атқарып келеді, -деді өкіл имам.
Одан кейін Жеңіс Серікқалиұлы рухани ілім алып жатқан шәкірттермен емін-еркін сұхбаттасып, ауданға қызмет етуге шақырып, болашақта аудан орталығынан жаңа мешіттің бой көтеретінің тілге тиек етті.
Ауданы әкімі Жеңіс Серікқалиұлы рухани ордаға әрқашанда қайырымдылық жасауға дайын екендігін жеткізді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойыншабаспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.02.2016
3645
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру