ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы облыстық «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасына шығып, сұхбат берді.
Сұхбат барысында ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжат «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» турасында айтылды. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің 2015 жылы атқарған шаралары мен 2016 жылғы жоспарлар көрермендерге кеңінен ақпараттандырылды.
Сонымен қатар, телеарна арқылы жақында өткен облыс имамдарының аттестациясы турасында да толық ақпарат берілді.
Өздеріңізге белгілі, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сыр еліне іс-сапармен келген болатын.
Сұхбат барысында іс-сапар туралы да кеңінен айтылып, көпшілікке насихатталды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.02.2016
4113
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру