Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы ұстаздарының тәжірибе алмасу жиыны болып өтті

11.02.2016 3166 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Білім және ғылым бөлімінің тапсырмасына орай Алматы қалалық ұстаздар арасында жоспарлы тәжірибе алмасу жиыны өтті.

Мешіт жанындағы сауат ашу курстарында дәріс беретін ер және әйел ұстаздар бас қосып, діни білім беру саласында қызметті жүйелендіру және бір ізділендіру мақсатында қабылданған ҚМДБ-ның 2020-жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың жеке-дара мәселелері талқыланып, ұстаздар оқу-ағарту саласындағы өз ұсыныстарымен, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Алматы қаласының Бас ұстазы Талғат Дайрабайұлы осы бағыттағы атқарылатын жұмыстар жөнінде ҚМДБ-ның Діни білім және ғылым бөлімінің, Алматы қаласының Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажының тапсырмаларын ұстаздарға жеткізді.

Сондай-ақ жиын барысында жамағатты сауаттандыру жобалары, оларға қызмет беру сапасын арттырудың тетіктері, сауат ашу курсын бітірген  шәкірттердің өз білімін ресми медреселер мен университеттерде жалғастыруына бағыт-бағдар беру мәселелері, мешіт жанынан сауатын ашқан шәкірттердің жат ағымдарға кетуінің алдын алу мәселелері,  сертификат беруге қатысты жаңа талаптар тілге тиек етілді.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру