Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыдағы «Халалмен қанаттан» және «Уақф – үзілмейтін садақа» семинары

10.02.2016 4079 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы мешіттердің бас имамдарына арналған «Халалмен қанаттан» және «Уақф – үзілмейтін садақа» атты семинар болып өтті.

Алатау ауданы «Заря Востока» мешітінде бас қосқан қала имамдары ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, аталған бөлімнің Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Ануар Ізімбайұлы және уақф жайлы бірнеше мақалалардың авторы және сол саланы жетік меңгерген Қуат Қабдолдамен жүздесті. Бейбіт мырза өз сөзінде «Адал ризықтан қайырлы болған ризық жоқ» - деп шариғатымыздағы адал астың орнына да тоқталып кетті. Жиын барысында имамдар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптар алды.

Өкіл имам Нұрбек қажы Есмағанбет аталмыш басқосудың маңыздылығына тоқталып, діни басқарманың халал өнімдерін стандарттау бөлімінің атқарып келе жатқан жұмыстарын да тілге тиек етті. Сонымен қатар уақф жайлы да сөз қозғап, болашақта мешіттер жанында белсенді түрде жұмыс жасауға имамдардың да ат салысуы керектігін айтып өтті.

Алла Тағала: «Әй, мүміндер, сендерге ризық ретінде бергенімнің тазасынан жеңдер» - деген.

 Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру