Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін - ғылымның анасы

10.02.2016 3996 0 пікір

Имандылық тәрбиесін беру арқылы келер ұрпақтың иманды да ибалы болуды насихаттау мақсатында  Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті мен қалалық «Мәдениет сарайы» бірлесіп Абай Құнанбайұлы атындағы мектептің 9 сынып оқушыларына «Дін - ғылымның анасы» тақырыбында тәрбиелік сабақ өткізді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, мешіттің алқа мүшесі Жұмағали Өмірбекұлы өскелең ұрпақты адамгершілікке, мәдениеттілікке, мейірімділік пен кішіпейілділікке тәрбиелеу және ұлттық әдет-ғұрыптар жайында насихат айтса, бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы «Сәлем сөздің анасы» тақырыбында амандасудың мәдениеттілігі мен маңыздылығына тоқталып өтті.

Осы кездесуге аталмыш мектептің тәрбие ісі жөніндегі мамандары А.С.Карашинова, Л.С.Аскарова және сынып жетекшілері Л.Мұхамедиярова мен С.Бекеновада қатысты.

Кездесу барысында оқушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, қанағаттарлық жауап алды. Сынып жетекшілері осы шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру