Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әлем әйелдерінің достық орталығы» Елорда мешіттеріне алғысын білдірді (ФОТО)

10.02.2016 3273 0 пікір

«Әлем әйелдерінің достық орталығы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласындағы қайырымдылық қорлары мен демеуші азаматтарға арналған марапат кешін өткізді. Кеш барысында бірлестік басшылары Елордамыздағы мұқтаж жандарға көмек қолын созып, демеушілікпен айналысып келе жатқандардың жұмысына сәттілік тілеп, арнайы «Алғыс хат» табыстады.

Кездесу барысында сөз алған бірлестік басшылары әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мұң-мұқтажын бөлісіп, қашанда қайырымдылық шараларының ұйытқысы болған «Нұр Астана» Орталық мешіті мен «Әзірет Сұлтан» ризашылықтарын жеткізді. Бірлестік басшысы қос құлшылық ордасының қиналған жанға қамқорлық танытып, мұқтаждық көргендерге мейірімін төгіп келе жатқанын жұртшылық алдында тағы бір мәрте баяндап, екі мешіттің Бас имамдарының атына жазылған «Алғыс xат» мәтінін оқып берді.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлының іссапарда болуына байланысты кездесу кешіне «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып қайтты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру