Жастарды имандылыққа баулу, әдептілікке, білімділікке шақыру мақсатында Өскемен аймағы өкілдігі қаладағы білім ордаларында кезекті кездесулер легін бастады. Діни басқармасының тапсырмасы бойынша қалалық ішкі саясат, білім бөлімдерінің келісімі негізінде қаладағы мектептерді білімге құштарлық, өмірді сүю, тақырыбында өткізетін кездесулер жоспары жасалып, бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.
Өскемен қалалық №1 орта мектебінде облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Досжан Үмбет «Білім үйренуге құштарлық» тақырыбында оқушыларымен кездесіп, салиқалы әңіме өрбітті. Ол оқушыларға білімнің пайдасы, ғылым игеру туралы исламдағы ұлағатты хадистерді мысал етті.
Сонымен қатар Өскемен қалалық №3 мектебінде ЖАНТ мүшесі Зауатбек Сайлауұлы жоғарғы сынып оқушыларына «Кері ағымдар дегеніміз не, одан аулақ болайық» деген тақырыпта насихат айтты. Кері ағымдардың зардаптарына терең тоқаталды. Және де ағымдар тарихынан да мағұлмат беріп өтті.
Жастарда қызықтаған сауалдарын қойып, лайықты жауабын алды.
Мектеп ұжымы да осындай тағылымды кездесулердің маңызды екендігін алға тартып, оқушыларды имандылыққа, білімділікке баулудағы ислами тәрбиенің құндылығын жеткізді.
Кездесуге мектеп оқушылары мен ұстаздары ынталы қатысты.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.02.2016
3182
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру