Бүгін Астана қаласындағы №56 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Дін және қауіпсіздік» тақырыбында кездесу болып өтті. Оң-солын айырмаған оқушылардың теріс ағымдар жайлы ақпарат алып, олардың шырмауына түспеу жолдары түсіндірілген келелі кездесуге «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдукаримов Бағдат пен ЕҰУ-нің профессоры Избаиров Асылбек шақырылып, мектеп басшылығы да қатысты.
Кездесу барысында арнайы сахналық көрініс қойылып, мектеп оқушылары өздерінің бұл кездесуге тыңғылықты дайындалғандарын танытты. Мешіт имамының әсерлі уағызы мен арнайы көрсетілген бейнебаян да діттеген мақсатқа жетіп, жас жеткіншектер Ислам дінінің шынайы келбетімен танысты. Кездесу соңында мектеп директоры қонақтарға ризашылығын айтып, алғысын жеткізді. Алдағы уақытта мектеп қабырғасында мешіт қызметкерлерімен мұндай кездесулердің жиі ұйымдастырып тұратынын да жеткізді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.02.2016
3720
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру