Қазақ ықылым заманнан бері қызын арым, ұятым, намысым, болашақ иманды ұрпақты жалғар аяулы ана деп тәрбиелеп, төріне отырғызып құрметтеген. «Қызға қырық үйден тыйым» салып, тәрбиесіне қатты мән берген. Асыл дініміз Исламда да қыз баланың орны ерекше. Алла Тағала жалпы әйел затын сұлулықтың символы, өмірдің гүлі, тіршіліктің сәні етіп жаратқан. Жаратушы Жәннатты аналардың табанының астына салып, әйел-аналардың дәрежесін көтеріп қойған.
Алайда, бүгінгідей жаһанданған заманда қоғамымызда небір жантүршігерлік жағдайлар орын алып, қыздарымыздың тәрбиесі назардын тыс қалып бара жатыр. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбау үшін бойжеткендеріміздің тәрбиесіне қоғам боп араласуымыз қажет. Осы мақсатта «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Айжарқын Түзелованың ұйымдастыруымен Каспиий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенттерімен «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы мен қажы апалар қатысты. Қыз баланың дініміздегі орны мен міндеттері туралы өкіл имам Батыржан Мансуров кеңінен айтып өтті.
- Ислам дінінде қыз баланың алар орны ерекше. Ол қазақ дүниетанымындағы әйел бейнесі туралы қалыптасқан түсінікке сай келеді.Әйел – Алланың аманаты. Құран Кәрімде 176 аяттан тұратын «Ниса» («Әйелдер»), 98 аяттан тұратын «Мәриям» деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған. Бұдан басқа, «Нұр», «Ахзаб», «Мұмтахина», «Тахрим», «Талақ» сүрелерінде де дініміздегі қыз баланың орны туралы кеңінен айтылған. Бұл – Ислам дінінің қыз балаға қаншалықты көңіл бөлгеніне дәлел. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қызды ұрпағым демегендер менің үмбетім емес», – деп тағы да бекемдей түсті. Және «Кімде-кім үш қыз тәрбиелеп, оны жақсы жерге тұрмысқа беретін болса жәннатқа кіреді» деген. Осы хадис-шәріптен-ақ қыздарымыздың дініміздегі орнын және оларды жақсылап тәрбиелеген жанның жәннатқа кіруіне мол мүмкіндіктің бар екенін, қыз тәрбиесіне баса назар аудартатынын анық білеміз,- деп өз сөзін түйіндеді «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы.
Сонымен қатар қажы апалар мен ұстаз Айжарқын Түзелова қыз бала тәрбиесінде басты назарда ұстайтын құағидалары турлы өздерінің баяндамаларын оқып, Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис – шәріптерімен дәлелдер келтіріп өтті.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.02.2016
6111
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру