ҚМДБ бекіткен басым бағыты бойынша еліміздегі татулық пен ұлттар достығын бекемдеу, діндер арасындағы тұрақтылықты сақтау, ынтымақтастықты насихаттау, адамдардың бір-біріне бауырмалдығын, бірлігін арттыруға үндеу бағытында нақты шаралар ұйымдастыру мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі ақпан айын «Мұсылманның бірлігі - парыз» айлығы ретінде жариялады.
Діни басқарманыі нақты тапсырмалары негізінде өңірде бірлік, татулықты сақтау, халықты ынтымаққа ұйыстыру бағытында арнайы айлық жоспар жасалды. Бұл бағытта бірлік пен татаулық, тұрақтылық қағидаларын насихаттау шарасын кеңінен өрістету тұрғысынан бірқатар игілікті шаралар жасалмақ. Білім беру және ішкі саясат, дін істері басқармаларымен келісім негізінде өңірдегі орта мектептер мен ЖОО-да шәкірттермен студенттерге, ұстаздарға еліміздегі бірлікті сақтаудағы исламның рөлі және береке мен татулық туралы тағылымды насихат айту мақсатында арнайы кездесулер ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, осы бағытта қайырымдылық шараларын жасау, мұқтаждарға жәрдем жасау шаралары да үздіксіз атқару көзделуде.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.02.2016
3639
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру