Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин кентіндегі қарттар үйінен өртке шалдығып, қарттарға шұғыл көмек көрсетілді.
Аудан әкімі панасыз қалған қарияларды көп қабатты үйлердің біріне орналастырды. Қазыналы қарттардың басына түскен қиындыққа дін өкілдері де қайырымдылық көмек көрсетті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы имамдарға Діни басқарманың қайырымдылық бағыты бойынша тапсырма беріп, қиындыққа тап болған жұрттың жағдайын біліп, көмек көрсетуді жүктеді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мерей Жақияұлы мен Бұқар жырау ауданының имамы Аманбол Рымқұлұлы ауылға ат басын бұрып, ақсақалдар мен апаларымыздың қал-жағдайын сұрап, күнделікті қажет азық-түлікпен жәрдем көрсетті. Дін өкілдері Алладан қарияларымызға күш-қуат беріп, болған істің берекесін берсін деп, дұға тіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.02.2016
3953
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру