Өкіл имам С.Сейтбеков Бейнеу ауданындағы Ұстаздар үйінде аудандық колледж студенттерімен кездесті. Жергілікті ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген шарада жастарға уағыз насихат жүргізілді. Облыс имамы теріс ағымдар жайлы әңгімелеп, интернет арқылы тарап жатқан жат ағым ұстанушыларының уағызын тыңдамауға шақырды. Сондай-ақ,қазақ жастарының ұлтжанды болуы, ізгілікті, адамгершілікті ұстануы жайында айтты.
Түстен кейін осы ғимаратта аудандағы ұстаздар қауымы мен ата аналарға арналған жиын өтті. Бұл кездесу де өкіл имам қазіргі діни ахуал және оның алдын алу мәселелері жайында сөйледі. Ата аналар тарапынан да түрлі сауалдар қойылды. Облыс имамы олардың «жат ағымның белгілері қандай, қалай анықтаймыз, қазіргі жаназадағы ысырапшылдық туралы не айтасыз» деген сауалдарына тұщымды жауап берді. Жиынға қатысушылар өкіл имамға арнайы сапармен келгені үшін алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.02.2016
3363
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру