Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО-да біліктілікті арттырған семинар-тренингі (ФОТО)

05.02.2016 3233 0 пікір

Шымкетте облыстық орталық мешітінде имамдарының біліктілігін көтеруге арналған семинар-тренингі өтті.

Бұл семинар-тренингіне мұрындық болған ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі мен ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ. Семинар-тренингінің тақырыбы бүгінгі таңда ақида және фиқһ пәндерінің өзекті деп саналатын мәселелерін зайырлы қоғамдағы халыққа жеткізу жолдарына арналып, оған бірқатар білімді әрі білікті мамандар шақырылды. Атап айтқанда: Рүстем Сыздықов (РАНТ мүшесі, Қарағанды), Аңсар Өсербаев (ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының орынбасары), Нұржан Тұрсынбай (ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің директоры) және т.б. имамдар мен теологтар баяндама жасады.

Облыстық семинар-тренингін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек ашып, аталмыш іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Семинар соңында қатысқан имамдарға сертификат табыс етіліп, алдағы уақытта мұндай семинарлар жалғасын табатындығы айтылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру