Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар бас қосты (ФОТО)

04.02.2016 3306 0 пікір

"Иманғали" орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының ұйымдастыруымен облыс имамдарының кезекті жиналысы болып өтті.

Жиналыста күн тәртібіндегі басты мәселелер талқыланып, жаңа тапсырмалар жүктелді. Өткен 2015 жылдың қорытындысын облыс өкілдігі жоғары деңгейде аяқтаған болатын. Биылғы жылы да барлық дін қызметкеркелеріне осы қарқында төрт бағыт бойынша қызмет ету жүктелді. Жиында имамдардың қоғамдағы орны мен беделі де тысқары қалмады.

Бас имам Батыржан Мансуров Қасиетті Құранда: "Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін үмбеттердің қайырлысы болып жіберілдіңдер" деген аят бар. Демек, мешіт қызметкері болу Алла алдында да адамдардың алдында да абыройлы қызмет" - дей келе, барлық имамдарды кез-келген ортада өздерінің тұлғалық келбеттерін сақтауға шақырды.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру