Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің Жастар ісі бойынша жауапты қызметкері Жұмағұлов Ғұмардың ұйымдастыруымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында тәлім алып жүрген болашақ педагог жастармен және Қостанай шаһарының орталығындағы медициналық колледжінде кездесу болып өтті.
Кездесудің мақсаты қазіргі таңдағы жастар арасындағы тәлім-тәрбиеге байланысты жұмыстарын жандандыра түсу. Сонымен қатар мемлекеттік «СЕРПІН» бағдарламасы бойынша сонау Оңтүстік өңірінен келіп, білім алып жатқан жастармен «Жастық шақты бағалау» тақырыпта сұхбаттасып, олардың ойларымен алға қойған жоспарларымен танысты.
Сонымен бірге жастардың түсік жасаудың зардабы, орамал тағу, бақсы-балгерлер туралы, қазіргі таңда теріс ағымға түсіп кетпеудің жолдары секілді өзекті мәселелер төңірегінде сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.02.2016
3615
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру