Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үш күндік семинар қорытындыланды

04.02.2016 3212 0 пікір

Павлодар облысы бойынша өкілдігі ҚМДБ тарапынан қабылданған 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында  ақпан айының алғашқы күндері Павлодар қаласындағы «Ақмешіт» мешітінде «Білікті имам» тақырыбында діни бірлестік өкілдерінің біліктілігін арттыруға арналған 3 күндік семинарын ұйымдастырып жүргізді.

Семинарға Павлодар қаласы мен Павлодар ауданының діни қызметкерлері қатысты. Имамдардың Республикалық алғашқы форумынан  қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі»  және «Дін мен дәстүр», «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы»  құжаттары негізінде сабақты білікті де білімді діни мамандар Х.Аманқұлов, Ж.Бертымұратов, Е.Құдабаев, Д.Байдуллаевтар жүргізді.  Сондай-ақ, діни бірлестіктердің іс-қағаздарын басқару жүйесін «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің аппарат жетекшісі У.Мақұлұлы түсіндірсе, «Діни қызмет және діни бірлестік» туралы заңнамасын Павлодар облысы бойынша Дін істері басқармасының бастығы Д.Закарьянов баяндап берді.

Семинар  қалалық «Ақмешіт» мешітінің  «Діни сауат ашу» курсының жаңа ғимаратында өткізілді. Ғимарат оқу құралдары, дәретхана және басқа қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.  Курсты сапалы әрі тәртіпті ұйымдастырғаны үшін «Ақмешіт» мешітінің бас имамы әрі Павлодар ауданының жауапты өкілі Бердімұратов Жолдасқа өкіл имам атынан алғыс білдірілді. Ал семинарға қатыспаған қаланың екі наиб имамына сөгіс жариялап, олардың басшыларына ескерту берілді.

ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша, алдағы уақытта осындай семинар бекітілген кесте және арнайы жоспарға сәйкес облысымыздың қалған аудан және қалаларында жалғасын табады.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру