Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар арасындағы футболдан сайыс

03.02.2016 3688 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жалпы және жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы мешіт жастары, мешіт жамағаттары арасында футболдан жарыс өткізілді.

Жарысқа орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымынан құралған команда, мешіт жастарының командасы, қалалық мешіттерден келген командалар белсене қатысты.

Сонымен қатар, аталмыш футболдан өткен жарысқа ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек  Ұтысхан да команда құрамында болып, ойнады.

Жарыс қаламыздағы «Сейхун» спорт кешенінде өтті. Барлығы 6 команда қатысқан тартысты жарыста ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің командасы І орынды иеленді. ІІ орынды Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің командасы алса, ІІІ орын қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің жас жамағаттардан құралған командасына бұйырды.

Ойын басында командалық жетекшілік жасаған ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек  Ұтысхан мен бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлының қатысуымен болған жарыс қатысушылардың көңілінен шықты.

Жеңімпаз командалар арнайы кубок пен дипломдарға ие болды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі     

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру