Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Айлық отырыста Истиғфар тақырыбы қозғалды

03.02.2016 3286 0 пікір

Əр айдың соңында "Иманғали" орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастауымен әдеттегідей жамағатпен айлық отырыс ұйымдастырылады. Жиынның мақсаты да жамағат арасындағы бауырмалдылықты нығайтып, дəстүрлі дінімізді насихаттап, жастармызды діни сауаттандыру.

Бүл үрдіс қаңтар айында да жалғасын тапты. 30 қаңтар күні құптан намазынан сон дастархан жайылып,мешіт жамағаты дастарханда қауышты. Жамағатқа арналған отырыста теолог,ұстаз Қанат Жұмағұл-Истиғфар тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп,кейін жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы жамағатқа ҚМДБ-ның "Қазақстан Мұсылмандарының тұғырнамасы" атты кітабымен таныстырды. Отырыс соңы қарттарымыздың ақ батасы мен жастарға тілектерімен аяқталды.

"Иманғали"орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру