ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жамағаттың басын бір жерге біріктіру мақсатында Қарағанды облыстық орталық мешітінің асханасында арнайы дастархан жайып, жамағатқа әсерлі уағыз-насихатпен сусындатты.
150-ге жуық түбі бір мұсылман бауырлар бас қосып, бауырмалдықтың үлгісін көрсетті. Өкіл имам жиналған жамағатқа ынтымақтастық пен достық үстемдік құрған жерде іс алға басады, шынайы мұсылманшылықтың белгісі де бір-біріне жүрегі елжіреп, бауыр тарту екенін айтты.
«Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары, теолог Рүстем Сыздықов көпшілікке «Ақида» бойынша дәріс өткізді. Сонымен қатар аталмыш бірлестіктің теолог, дінтанушылары уағыз айтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.02.2016
3383
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру