Маңғыстау облыстық орталық мешітінде облыс, қала, аудан имамдарына арналған жиналыс өтті. Өкіл имамның бұйрығымен жиынға найб имамдар да қатысты. Жиналыстың мақсаты «ҚМДБ ның 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы» атты құжат бойынша жұмыс жасауға арналды. Облыс имамы С.Сейтбеков ағымдағы жылы атқарылатын шаралар легін атап, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Соның ішінде төрт бағыт бойынша жұмысты өз деңгейінде атқару қала, аудан имамдарына қатаң тапсырылды. Сондай-ақ, діни басқарманың тапсырмасын толыққанды орындау, теріс ағым өкілдерімен жұмысты жандандыру , үгіт насихат жүргізуде белсенді болу және аталмыш құжаттар бойынша барлық имамнан емтихан алу мәселесі сөз болды.
Өкіл имамның айтуынша, Тұжырымдама кітабының арнайы 50 данасы алынып, облыстағы қала, аудан имамдарына толықтай берілген. Ендігі міндет құжат аясында қарқынды жұмыс істеу. Осыны имамдарға міндеттеген өкіл имам оларды халықпен тығыз байланыста болуға, көркем үгіт пен шынайы мұсылмандық келбетті сақтауға шақырды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.02.2016
3093
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру