Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ерсін Әміре Маңғыстау жамағатымен жүздесті

01.02.2016 3631 0 пікір

Маңғыстау облысына Алматы қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре қари  келді. Өкіл имам С.Сейтбековтің шақыруымен мұнайлы өлкеге табан тіреген дінтанушы Е.Әміре алдымен сенбі күні Жаңаөзен қаласындағы қалалық мешітте, жексенбі күні облыстық орталық мешітте уағыз айтты.  

Жамағатқа қазіргі дін төңірегіндегі түйткілдерді, ақида мәселесіндегі талас – тартыс мәселесін тарқатты. Жамағат та өз тарапынан толғандырған сауалдарын қойып, ақида саласындағы шешімін таба алмай жүрген сұрақтарына жауап алды.

Мешітке келген жамағат жұма намазына келгендей көп жиналды. Олар қазіргі кездегі қазақ жастарынан шыққан білімді де білікті азаматтардың, теологтардың ақыл кеңесіне мұқтаж екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі дін ұстанып жүрген азаматтар арасындағы «Алла аспанда ма», «Алланың қол аяғы бар ма» деген  сауалдардың дұрыс бұрыстығына көз жеткізгісі келетіндіктерін айтты.  Ерсін Әміре оларға ақида мәселесінде Әбу Ханифа мазхабының дұрыстығын дәлелдеп, өзге жат ағымдардың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі баяндады.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру