Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт мұқтаж жанға қайырымдылық көрсетті

01.02.2016 3823 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы үнемі қайрымдылық игі шаралардың басы-қасынан табылып, имамдарға да қайрымдылық жұмыстарына аса мән беру керектігін айтып келеді.

Бас мүфтидің нұсқауын қаперге алып қасиетті мәуліт айының құрметіне Алла Тағаланың разылығы үшін «Таугул-3» мешітінің Бас имамы Нұржан Таласұлының ұйытқы болуымен, Алматы қаласының тұрғыны Ахметова Назира Сыдыққызының денсаулығының себебінен банкідегі несие қарызын төлей алмауына байланысты, толықтай барлық қарызын жауып берді. Діндарлардан жақсылық көрген Нәзира анамыз; «Барар жерім, басар тауым қалмаған қиын сәтімде, қол ұшын созған имам балама және осындай игі шараны назарында ұстап, ұйытқы болып отырған Бас мүфтиге шынайы аналық батамды беремін», - деп, алғысын төкті.

«Қайырымдылық мұсылманның сипаты, Бас мүфти мұқтаждарға жәрдемдесу басты міндетіміз екенін үнемі есімізге салып отырады. Бұл тұрғыда Алматы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет мырза қаламыздағы барлық мешіттерге өнеге. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Назарбаев өкіметке қаржы дағдарысына байланысты халықты әлеуметтік жағынан әлсіретіп алмау үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керектігін тапсырған болатын. Бұл шара бір жағынан Елбасымыздың салиқалы саясатын қолдау мақсатында да жасалынды. Осы сауапты іс, елге қиындық болып жатқан сәтте қалталы азаматтарға да өнеге болса екен», - дейді Бас имам өз сөзінде.

Таугүл-3 мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру