Жезқазған қаласының С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген айы Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті.
Рухани кеш «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) соңғы намазы» деп аталатын бейне роликпен ашылды. Жезқазған қаласының әкімшілігінің аппарат басшысы Есет Ержанов және қалалық мәслихат депутаттарының атынан Бекзат Қомарұлы қатысып, жиылған халықты Қасиетті Мәуліт меркесімен құттықтады.
«Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің Бас имамы Мәди Тоқпанұлы ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны мен көркем мінезі жайында уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар рухани кеште сахналық қойылымдар қойылып, діни әндер мен терме орындалды. «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің имамдары мен шәкірттері Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құрметіне мәуліт оқыды.
Жиналған қала жұртшылығы рухани кештен үлен ғибрат алып, тарқады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.02.2016
3024
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру