Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры жат ағым жетегіне ілескендер туралы ҚР еңбек сіңірген әртісі, драматург Кеңес Жұмабековтың «Адасқандар» деп аталатын жаңа қойылымын халыққа ұсынылды. Екі актілі бұл драма желісі қасиетті дінімізді өзгеше уағыздаушылардың арбауына түсіп, теріс ағымның ықпалында кеткен Баянғали есімді жас жігіттің өмірі жайында өрбиді. Санасы уланғаны сонша, жүріс-тұрысын түбегейлі өзгерткен ол ақыл-кеңестерін айтқан ата-анасын да кеудеден итереді. Сондағы негізгі мақсаты жат елге барып, оңай жолмен мол ақшаға қол жеткізіп, жайлы өмір сүру.Ақыры, оқ пен оттың арасына түсіп, лаңкестік топтың мүшесіне айналғанын, жолынан жаңылғанын кеш түсініп, райынан қайтқанымен, өзі де әйелі де қаруластарының қолынан қаза табады.
Драма авторының айтуынша, бұл қайғылы оқиға шынайы өмірден алынған. - Мұны жазған кезде көп зерттедім. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары көп жазады, солардан алдым. Содан кейін біздің елден де кетіп қалып жатқандар бар. Солардың бір-екеуімен кездестім. Қазір біреуі екі баласымен қайтып келген екен. Жолдасы сол жақта қайтыс болыпты, - дейді қойылым авторы Кеңес Жұмабеков.
Аталмыш қойылымды бұған дейін Қарағанды мен Өскемен өңірінің тұрғындары тамашалап үлгеріпті. Үшінші болып режиссер, ҚР еңбек сіңірген әртісі, режиссері Рәуза Тәжібаеваның қоюымен бүгінгі таңның аса өзекті тақырыбын қозғаған бұл драма Павлодарлықтардың назарына ұсынылды.
Спектакльдің қоғамға берері мол. Мына тақырыптың өзі елін сүйетін әр қазақты ойландырары анық.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.02.2016
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру