Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алатау ауданында өткен семинар: «Дін үшін шынайы қызмет ету» (ФОТО)

01.02.2016 3452 0 пікір

Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде Бас имам Дәуренбеков Орынбасар қажының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына орай ауданға қарасты барлық мешіттердің наиб имамдары, ұстаздары мен азаншыларына семинар өткізді.

Семинарға арнайы Алматы орталық мешітінің азаншысы Ашимов Қасым қатысып, келген имамдарға өзінің ізгі ықыласын білдіріп, болшақта дін үшін аянбай қызмет етуге шақырды.

Семинар барысында ауданның Бас имамы имамдарға І Республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттарын ЖОО, колледждермен мектептерде насихатталуын, төрт бағыт бойынша да жұмыс жасау керек екенін алға тартты. Сонымен қатар, Бас имам семинарға қатысқан имамдарға өздерінің қызметтегі жауапкершілгін сезіну үшін арнайы тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, Бас имам Дәуренбеков Орынбасар қажы Бас мүфтидің тапсырмасына орай әрбір мешіттің наиб имамдары, ұстаздарымен азаншылардың лауазымын көтеру мақсатында Алматы орталық мешітінен келген өзге облыс өңірлеріне жас мамандарды жұмысқа шақырту хатын оқып, ауданымызда көптен бері қызмет етіп келе жатқан имамдарды өзге облысқа барып, дін үшін қызмет етуге шақырды.

Семинар соңында аудан имамы келген имамдарға жылдық есептің (бейне ролик) үлгілерімен қатар, мешіттің іс-жүргізу қағаздарын көрсетіп, ертеңгі күні мешіт басқаратын сәтінде өздеріне қажет болатынын жеткізді. Бас имам келген жас имамдарға мешітімізді аралатып, екі жылда атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру