Жуырда Семей қаласындағы Достық үйінде ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық әкімдік пен Ішкі саясат бөлімінің өкілдері және қала имамдары мен ақсақалдардың қатысуымен Ысырапшылдық турасында жиын өтті.
Басқосуда тәжірибелі имамдар мен ақсақалдар тарапынан пікір, ұсыныстар айтылып, тұшымды кеңес өрбіді. Жиында негізінен марқұмның атынан ас беру, аста төк ас мәзірін шектеу, қонағасы, және бейне ролик көрсетуді шектеу турасында қозғалды. Халық арасында «Елден ұят болады» дегенді желеу етіп, жылқы немесе ірі қара мал сойып, молынан дастархан жайып, кішігірім тойға айналдыру үрдісі көрініс беруде.
«Қазіргі таңда жаназа кезінде қайтыс болған адамға арнап ас беру тұрғындар арасында бәсекеге айналып кетті. Тіпті, жаназа дастарханы тойға жайылған сияқты әсер қалдырады. Жасыратыны жоқ, қойылған астың барлығы желінбейді, салдарынан ысырапшылдыққа жол беріледі. Дінге сай болмаған ысырап - сауап әкелмейді», - деді, Семей өңірі бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат.
Тағы бір айта кетерлігі, орталық мешіт қызметкерлері ас мәзірін реттеу бастамасын дін жанашырлары көтергенін айтады. Бұған Семей аймағындағы қала аудан имамдары қолдау білдірген. Ал, бекітілген ас мәзірінің құрамына ет, шелпек, құрт, май, нан немесе бауырсақ, өрік, мейіз, құрма енгізілген. Жиынға қатысқан ақсақалдарда өз ой ұсыныстарын ортаға салды.
Расында да, бабаларымыздың салтында қазалы үйдің қазаны үш күнге дейін төңкеріліп жатушы еді. Ошақтағы оты су шашып сөндірілуші еді. Ет жақын туыстары мен көршілері үйлерінен тағам әкеліп тамақтандыратын-ды. Ал марқұмның атына жайылған дастархан мәзірін әзірлеу әр отбасының әлеуметтік жағдайының әртүрлі екенін байқатпау үшін қажет. Өйткені, көптен қалмаймын деп қайтыс болған адамының артынан қарызға алған қаражатты өтеу кім-кімге де оңай шаруа емес.
Өкіл имам мен дін қызметкерлерінің бастамасына жиынға келген ақсақалдар осы бастамаға қолдау білдірді. Қариялар қауымы бұл үрдіс, өлікті жөнелтудегі бір ізділік - имандылық пен ізгілікті дамытатын, ысырапшылдыққа жол бермейтін игілікті іс деп бағалады. Сондай-ақ, шараға қатысушы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мешіт қызметкерлері шешімін халыққа жеткізетін болды.
Семей қалалық қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.02.2016
3586
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру