Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешіті тағы екі азаншымен толықты (ФОТО)

01.02.2016 4130 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа азаншылар тағайындалды. Тазабек Арапұлы мен Ерлан Базарбайұлы  бүгіннен бастап мешітіміздің ресми азаншысы.

Айта кетсек, Тазабек Исмайлов  2005-2006 жылдары Астана қаласындағы «Нұр-Астана» орталық мешітінде кезекші молда, 2006-2012  жылдары «Шұбар» мешітінде іс басқарушы болып қызмет атқарған. Ал, «Әзірет Сұлтан» мешітінде 2012 жылдан бастап молдалық қызмет атқарып келеді.  

Ерлан Битенов 2010-2011 жылдар аралығында Шымкент медресесінің мешітінде имамдық қызмет атқарған. 2011-2013 жылдары Алматы қаласы, Ұзынағаш ауданында орналасқан «Яссауи» оқу орталығында араб тілі мен құраннан сабақ берген. 2013-2014 жылдары Алматы қаласы, Түрксіб аудандық «Ферали-Ферғанаұлы» мешітінде азаншы қызмет атқарған.

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдұлы жұма намазына жиналған жамағат алдында оларды азаншы ретінде қайта таныстырып, бүгіннен бастап өз қызметіне кірісетіндерін мәлім етті.

muslim.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру