Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түйіткілдің түйіні тарқатылды

29.01.2016 3206 0 пікір

Ауданаралық семинар Тұрар Рысқұлов пен Меркі ауданына қарасты мешіттердің имам-молдаларының қатысуымен Меркі ауданындағы «Үміт сарайында» өтті. «Һибатулла Тарази» медресесінің директорының орынбасары Исатай Оразов, Тараз қаласындағы «Бегалы» мешітінің найб имамы Бахтияр Амреев орталық «Меркі-ата» мешітіне келіп, ауданның бас имамы Батырбек Қасымалиевпен сұхбаттасып, семинарды өткізу барысын талқылады.

Исатай Оразов: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облысымызға қойған талабы ауданаралық семинар өткізу, ол біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Алматы қаласында өткен семинарға облыстан 5 адам қатысқан болатын. Онда түйіткілді төрт тақырып қозғалды», - дейді.

Ал, Бахтияр Амреев ихтиләф мәселелері жайында, неке, талақ мәселелері турасында нақты, дәлелмен түсіндіріп өтті.

Меркі жеріне келген қадірлі қонақтар арнайы даярланған дастарханға жайғасып тамақтанды. «Меркі-ата» мешітінде бесін намазын оқып, семинар жұмысы одан әрі жалғасты. Түрлі сұрақтар қойылып, оған тұщымды жауаптар берілді. Семинар соңында бата беріліп, дұға жасалды.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру