Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сайт жаңа дизайнмен жұмыс жасайды

29.01.2016 3833 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың жетекшілігімен аймақта ілкімді істер атқарылып, имандылық бағыттағы жұмыстар жүйеленіп келеді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының дін қызметкерлеріне айқындап берген төрт бағыт: уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық іс-шаралар және сауат ашу курсы өңірде ілгерілеу үстінде.

Әсіресе, уағыз-насихат жұмысын жамағат арасында жандандыру мақсатында бас имам Батыржан Берденұлының жетекшілігімен бірнеше жоспарларлы жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, күнделікті жамағатқа медиа-дәрістер жүргізу, айлық дастархан жаю, БАҚ және интернет ресурсы арқылы уағыз-насихат жүргізіп, теріс ағымдардың ықпалына жол бермеу.

Ақпараттар ағыны күн сайын дамып жатқан қазіргі сәтпен санасқан «Иманғали» орталық мешітінің islam-atyrau.kz діни-танымдық сайты өз жұмысын жаңғырту мақсатында жаңа дизайнға көшті. Мұнан кейін де аталмыш сайт ақпарат кеңістігінде өз орнын алып қоймай, жағымды жаңалықтарымен, мазмұнды мақалаларымен, білікті де білімді теологтардың видео-медиа дәрістерімен оқырмандарын қуанта түспек.

Иә, islam-atyrau.kz діни-танымдық сайтының мақсаты - имандылық кәусарына бет бұрған жандарды дұрыс әрі маңызды діни құндылықтармен сусындатып, дін мен дәстүрдің дәріптелуіне және ел ынтымағы мен бірлігіне үлес қосу.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру