Жуырда Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында мәдениет үйінде адамзаттың асыл тәжі бола білген Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) туған күніне арнап облыстық Мәуліт кеші болып өтті.
Руханиятқа толы жиынды «Иршад» мешітің наиб имамы Мақсуд Қарабазар қасиетті Құран аяттарын оқып ашып берді. Қасиетті Құран аяттары оқылғаннан кейін сөз алған ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілі, облыстық «Қарасай батыр» мешітінің Бас имамы Нұржан Манапбаев адамзаттың абзалы (с.ғ.с.) өмірінен сыр шертіп, балалық шағы мен бақилыққа атанған уақытына дейінгі аралықта басынан кешкен оқиғаларды айта отырып, барша мұсылмандарды екі дүние сәруарынан (с.ғ.с.) үлгі алу керектігін тілге тиек етті.
Мәуліт оқылғаннан кейін рухани кешке арнайы қонақ болып келген қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Сержанәлі Әлібек иләһи өлеңдер айтып, жиылған жұртты атаулы мерекемен құттықтады. Ал облыстың түкпір-түкпірінен келген мешіт жамағаттары ардақты елші Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) туылған күніне арнап жазған арнауларын, ән-жырлары мен термелерін айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен көріністер көрсетіп, кештің сәнін кіргізді. Жиынға келген көпшілік ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын беріп тарқасты.
ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.01.2016
3648
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру