Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Жезқазған қаласына іс-сапармен барды

28.01.2016 3530 0 пікір

Қазақстан Республикасының облыстарын біріктіру кезінде Жезқазған Қарағанды облысына қосылған болатын. Ал, мешіттер аймақтық болып сол қалпында қалған. Биылғы 2016 жылы Қарағанды облысының әкімшілігінің сұранысы бойынша және мешіт өкілдігінің ұсынысымен Жезқазған аймағына қарасты мешіттердің діни жағдайын жақсарту мақсатында біріктірілді. Яғни, ҚМДБ-ның Жезқазған аймағына қарасты мешіт филиалдары Қарағанды облыстық өкілдігіне қосылды.

Осыған орай ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Жезқазған аймағына арнайы іс-сапармен келді. Өкіл имам өзінің іс-сапарында Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде қала, аудан, ауыл имамдарына жиналыс өткізіп, 2016 жылы атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жиынға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Серік Амамбайұлы және Мерей Қанатұлы қатысып, әр бағыт бойынша имамдарға түсіндіріп өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру