Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам интернат тәрбиеленушілерімен кездесті

28.01.2016 3184 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қаламыздағы №8 мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесті.

Аталмыш кездесу орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өтті. Мешіт табалдырығын аттаған жасөспірімдерге бас имам Т.Омаров имандылық, білім алу, жат ағымдардан сақ болу тұрғысында тұщымды уағыздарын айтты.

Өз кезегінде оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.

Жалпы, мешіт тарапынан жасөспірімдермен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарымен түрлі тақырыптарда кездесулер ұйымдастыру алдағы уақыттарда да өз жлғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру