Алматы қаласы жастар ісі бөлімінің кезекті мәуліт кеші Қ.И.Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің 4-жатақханасында өтті.
Аталмыш университеттің «Аманат» жастар ұйымы мен бірлесе ұйымдастырылған кеште Салауат айтылып, ғибратты қойылымдар қойылды. Мәуліт кешіне келген әртүрлі университет студенттеріне сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, әлемнің рахым Нұры Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың оға игілігі мен сәлемі болсын) өміріне, іс-әрекетіне, тұлғалық қасиеттеріне қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендер марапатталды.
Кешке келген студенттерге Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірін баяндайтын кітапшалар таратылды. Құран оқылып басталған мәуліт кеші Алматы қаласының жастар ісі бойынша өкілі Есім Ержан Базарбекұлының ғибратты уағызымен аяқталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2016
3410
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру