Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы имамдарының кезекті жиналысы (ФОТО)

27.01.2016 3824 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Алматы қалалық мешіттерінің Бас имамдары Алматы Орталық мешітінде бас қосты. Жиын барысында өкіл имам Нұрбек қажы Есмағанбет өткен жылы белсенді жұмыс атқарған мешіт қызметкерлерін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғыс хатымен марапаттады.

Жиын барысында қала имамдарына өкілдік тарапынан, Діни басқарманың бекіткен төрт бағыты бойынша тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар Имамдар форумында жарық көрген тұғырнаманы халық арасында насихаттау жұмыстарын одан әрі жандандыру, БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасау, жаңадан бой көтеріп жатқан мешіттердің құжаттарын тіркеу т.б. тапсырмалар берілді.

Өткен жылы Алматы қаласы бойынша атқарылған шаралар қортындыланып, ҚМДБ тарапынан үстіміздегі жылға қойылған жаңа талаптар пысықталып, алдағы жылдың жоспары талқыланды.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру