Екі дүние Сардары, Жаратушы Алла Елшісі (с.ғ.с.) жайлы сыр шерту мақсатында, Ақтөбе қалалық мешіттері Мәуліт айы аясына «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кешті күні кеше облыс жұртшылығына баяндады. Өміріне үлгі еткен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өнегелі жолы мен ерекше қасиетін қала мұсылмандары еске алуға орталықтағы Т.Ахтанов атындағы драма театрға түс ауа ағылды. Кеште өкіл имам Нұрлан Байжігітұлы (с.ғ.с.) пайғамбарға деген ғибратты толғау арнап, Ақтөбе мұсылмандарына бейбітшілік пен тыныштық тіледі.
Мәуліт кешіне Алматы қаласынан арнайы келген «Өнер қырандары» театры «Шүкірлік» және «Пайғамбарға деген сағыныш» атты көріністерімен жиналған қауымның көзіне жас үйірсе, жергілікті драма театры актерлары Әбу Ханифа өмірімен көңілдерді жұбатты. Кештің өн бойында желмен жарысқан қазақтың күйлері, жүректі тербеген термелер, қырды асырған жырлар, діни әндер бір – бірімен қауышып жатты. Жиналған қауымға бірер сағат сағыныш пен жұбаныш болған бұл рухани кеш соңынан құшақтарды түйістірді.
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2016
4461
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру