Алматы облысы, Қарасай ауданы, Құмтоған ауылы «Мирный» қарттар үйінде Алматы облысы, Қарасай ауданы мешіттерінің ұйымдастыруымен «Мәуліт» мерекесі өтті.
Бұл игі жиынға Қарасай ауданы мешіттерінің имамдары қатысып, қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Алғашқы сөз қасиетті Құран Кәрімнің оқылуымен басталып, бата жасалынғаннан кейін, аудан имамы Қуаныш Бақытбекұлы жиналған қауымға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізіп, «Мәуліт» мейрамымен құттықтап, қарияларға пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ғибратты өмірінен уағыз-насихат айтты.
«Мәуліт-шәріф» оқылып, әсем әнмен, діни әуендермен қария-кейуаналарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Жиналған қарт кісілерге мерекелік дастархан жайылып, сый-сыяпат жасалынып, ас берілді.
Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2016
3173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру