ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти хазіреттің тапсырмаларын өңірде нәтижелі жүзеге асыру мақсатында Өскемен қаласындағы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қаладағы Солнечный қарттар үйіндегі қарияларға қасиетті Жұма күні құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды.
«Қарттар біздің қазынамыз. Сіздердің қоғамға сіңірген еселі еңбектеріңіз ел жадында. Ардақты пайғамбармыз Мұхаммед (с.ғ.с) қарияларды құрметтеу туралы көптеген хадистер қалдырған. Біз сіздрге мүмкіндігінше құрмет көрсетіп, хал жағдайларыңызды сұрап тұруға тырысамыз. Қарияларға құрмет көрсету ҚМДБ-ның негізгі тапсырмаларының бірі» деп атап өтті өкіл имам.
Қариялар исламнан сауалдар қойып, дәйекті жауаптар алды. Жүздесуде қариялар өкіл имамнан «Қарттар үйінде» өмірден озған қарияларды мұсылмандар зиратына жерлеуге, мұсылманша діни рәсімдерін орындап беруге қол ұшын беруді сұрады.
Өкілдік бұл мәселеге баса мән беріп, қалалық әкімдікпен және тиісті орындармен келісіп, мәселені шешуге ат салысатындығын айтылды.
Жүздесу соңынан қарттарға қасиетті қасиетті Құран кітаптары тарту етілді. Осылайша қариялармен ақ дастархан басында жарқын жүздесу өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.01.2016
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру